Шаңхай: Мәди, 2014. — 67 б.
Сунь Цзы (қытайша: 孫子; пиньинь: Sūn Zǐ) («Сунь ұстаз») — Сунь У (қытайша: 孫武; пиньинь: Sūn Wǔ) атты кісіге берілген құрмет білдіретін атақ, «Сунь Цзының әскери айлалары» (немесе «Соғыс өнері», қытайша: 孫子兵法) атты кітаптың авторы. Бұл кітап ежелгі Қытайда жазылып, әскери стратегияға ерекше зор ықпал жасаған. Сонымен бірге ол халықаралық қатынастар теориясындағы реализм бағытын алға тартқан ең алғашқылардың бірі.