Оқу-әдістемелік құрал. — Орал: М. Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы, 2013. — 254 б. — ISBN 978-601-266-136-1.
«Ағылшын тілі грамматикасы» оқу-әдістемелік оқу құралында ағылшын тілінің грамматикасы жан-жақты талданып, анықтамалар берілген. Аталмыш оқу-құралда ағылшын тілінің грамматикасының кейбір бөлімдері кесте арқылы түсіндіріліп, мысалдардың қазақша аудармалары көрсетілген, сонымен қатар бұл оқу-әдістемелік құралда ағылшын тілінің грамматикасы қазақ тілі грамматикасымен салыстырмалы түрде оқытылады. Бұл әдістемелік құрал 19 бөлімнен тұрады: алдымен ағылшын тілінің грамматикасы түсіндіріледі, кейін жаттығулар жиынтығы, соңында өткен грамматикалық тақырыпты пысықтауға тест тапсырмалары берілген. Бұл оқу-әдістемелік құралы оқытушылар мен студенттерге, сонымен қатар ағылшын тілін оқып-үйренушілерге, жалпы көпшілікке арналған.